03 шілде 2017 | 16:15

Назарбаев: "Жасыл белдеу" біздің ұрпағымыз үшін жасалып отырған мәңгілік мұра

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жасыл белдеуі мен Бурабай орманының қалай дамып жатқанын көріп қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жасыл белдеуі мен Бурабай орманының қалай дамып жатқанын көріп қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, 2016 жылы отырғызылған ағаш көшеттерінің жалпы ауданы 73 мың гектардан асты.

"Жыл сайын мен елорданың аумағында орман шаруашылығын дамыту бойынша тапсырманың қаншалықты орындалып жатқанын тексеріп,  қараймын. Бұған дейін біз орманның батыс аумағына отырғызылған көшеттерді көрсек, бүгінде бұл үрдіс орманның шығыс бөлігінде қалай жүзеге асып жатқанын көрдік. Алдымен ағаштардың түрлі сұрыптағы жиынтығы, орманның ортасына қарағай, шырша, аққайың секілді ағаштар отырғызылады. Әрі қарай орман өзі гүлдеп-өніп, ағаштар мен жасыл-көк көбейеді. Бурабай орманына жасыл белдеудің қосылуы толығымен дерлік жүзеге асты. Қазір біздің басты міндетіміз - орманды қайта түлетіп, ағаш-теректерді отырғызу, қаланы қоршаған 80 мыңжылдық орманды дамытуымыз қажет", - деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

"Жасыл белдеуде" 2020 жылға дейін үш негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда. Бірінші: орманды алқапта егу жұмыстарын бастау, бұл орайда 2016 жылдан бастап бұл жерде 2,1 млн ағаш көшеттері отырғызылды. Екінші бағыт - қала аумағында 29 676 гектерға дейін бос жерлерде орман алқаптарын жасау. Үшінші бағыт - елорданың жасыл белдеуін дамыту үшін рекреациялық аумақтарды жасау.

"25 жыл ішінде орманның аумағы кеңейді. Бұл жерде 20 шақырымдық велосипед жолдары, демалыс орындары бар. Ең бастысы бұл орман біздің таза ауамен тыныстауға мүмкіндік беретін еліміздің "өкпесі". Бұл орман біздің ұрпағымыз үшін жасалып отырған сый, мәңгілік мұра. Астана қаласының тек іші ғана әдемі емес, сондай-ақ шаһар айналасы мен сырты да сұлу келбетті. Қалада 15 мың ағаш отырғызылды, жаңа ботаникалық бақша, көптеген алаңдар пайда болады. Халық ағаштар мен теректерді сындырмай, жасыл-көкті жұлмай,  табиғатты, орманды аялап, сақтап қалу керек, түрлі апаттар мен өрттен қорғап қалулары тиіс", - деді Мемлекет басшысы.  

Сондай-ақ, Президент қырғауылдарды жіберу рәсіміне қатысты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 489.15   533.04   4.98 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети