22 қыркүйек 2016 17:22

Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы көрмеде Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындар шығарған әскери техникамен танысты. Қазақстан Президентіне отандық қорғаныс өнеркәсібінің өндірістік мүмкіндігі мен жоғары инновациялық әлеуеті көрсетілді. Көрмені аралап шыққан соң Нұрсұлтан Назарбаев "С.М.Киров атындағы зауыт" АҚ, "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ және "ЗИКСТО" АҚ әскери-өндіріс кәсіпорындарының инженерлерімен және конструкторларымен әңгімелесті.      

Айта кетейік, әскери техника құрастырумен қатар электрлік белгі беру жабдықтарын, азаматтық және арнайы мақсаттағы радиостансаларды, мұнай-газ секторы мен энергетика кешені кәсіпорындары үшін өнеркәсіп құрылғыларын, вагондар (ашық вагондар, астық таситын вагондар, платформалар) және  көлік саласы үшін басқа да өнім түрлерін шығару мен жаңарту аталған кәсіпорындардың негізгі қызметі болып саналады.

Кейін Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысатын кәсіпорын жұмысымен танысты. Мемлекет басшысына жиын-терін науқанының барысы, өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштері және оны дамыту жолында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Қазақстан Президентіне Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындар шығаратын ауыл шаруашылығы техникасы үлгілері көрсетілді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев механизаторлармен және облыстың жетекші аграрлық компаниялары өкілдерімен әңгімелесті. Кездесу барысында еліміздің тәуелсіздігі жылдары осы салада болған оң өзгерістер жөнінде айтылды.    

"Сіздердің шаруашылықтарыңыз Солтүстік Қазақстан облысының тек қана бидай өндіретін өңір емес екенін дәлелдеп берді. Бұл жерде майлы дақылдардың да барлық түрі жақсы өседі. Бүгінде агроөнеркәсіп секторында негізгі мәселелердің бәрі шешімін тапты. Енді еңбек өнімділігін және өндірілетін өнім сапасын арттыру қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Елбасыға шаруалар жан-жақты қолдауы және ауыл шаруашылығы саласындағы тиімді мемлекеттік саясаты үшін алғыстарын білдірді. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға жемісті жұмыс, табыс пен бақ-береке тіледі. 

Осы күні Мемлекет басшысы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалын қайта жаңарту барысымен танысты.

Елбасыға ұшақты рульмен бағыттау жолағын, перронды, жарық беру жабдығы мен жолаушылар терминалын жаңғырту жұмыстары, сонымен қатар әуежайды одан әрі жетілдіру перспективалары туралы баяндалды.

Айта кетейік, Петропавл қаласындағы халықаралық әуежай нормативтік мүмкіндігі бойынша сағатына 200 жолаушы өткізе алады. Аэровокзал ғимаратының жалпы алаңы - 2 400 шаршы метр. 

Бұдан кейін Елбасы Спорт сарайында жеңіл атлетика манежін, мұз айдынын және оқу-жаттығу базасын аралап көрді. Мемлекет басшысы сондай-ақ көркем гимнастика өнері көрсетілімін, жеңіл атлетика мен хоккей жаттығуларын тамашалады.  

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы жұртшылығы өкілдерімен кездесті. Кездесуге кәсіпкерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері, ардагерлер, жастар белсенділері, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.


© Суреттер Ақорда сайтынан алынды

Мемлекет басшысы әңгіме барысында Солтүстік Қазақстанның республика бойынша барлық астық көлемінің үштен бірін өсіретін жетекші аграрлық-индустриялық өңір екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы облыстың үлесіне назар аударды. Қазақстан Президенті тәуелсіздік жылдары көп нәрсеге қол жеткізілгенін, бірақ әрбір қазақстандық отбасының тұрмысын түзеп, әл-ауқатын жақсарту үшін әлі де көп шаруа тындыру қажеттігін айтты. 

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети