Назарбаев Қасымбекке тоқыраған мекемелер жайында: Сен барлығын Исекешевке жапсаң болады

03 Ақпан 2017, 14:34
0
Назарбаев Қасымбекке тоқыраған мекемелер жайында: Сен барлығын Исекешевке жапсаң болады - Әсет Исекешев. © Тұрар Қазанғапов
Әсет Исекешев. © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс Қасымбекке Инвестиция және даму министрлігіндегі олқылықтарды Исекешевке жабуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Индустриализацияның негізгі басымдылығы мен міндеттері жайында өткен жылы Индустриализация күнінде талқылағанбыз және ол менің жолдауымда бар. Осыған орай, мына жұмысқа назар аударайық: осыған дейін іске қосылған 150 миллиард теңге жұмсалған 72 жоба толыққанды жұмыс істеп жатқан жоқ немесе мүлдем тоқтап тұр. Сондықтан да Жеңіс, сен бар кінәні бұрынғы басшыға Исекешовқа сілтесең болады. Келген кезде үш пакет дайындау керексің. Бірінші пакет - бұрынғы басшыға сілтеу, саған дейін болған. Екінші пакет - өзіңнің жас екеніңді айту. Үшінші пакет - келесі сенің орныңа келетін адамға дайындау. 

Мемлекет басшысы осы мекемелердің жартысын іске қосқан күннің өзінде еліміздің экономикасына орасан зор пайдасы тиетінін айтты.  

Еске салайық, 25 қаңтарда Қазақстан Президенті қазақстандықтарға арнайы үндеу жасаған болатын. Президенттің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуі телеарналар эфирінде таратылды. Кейінірек Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының мәтіні жария болған еді. Жолдауда Назарбаев Үкіметтің бір орынды шиырлай беруді доғаруын, сондай-ақ, Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне "Қазақстан киберқалқаны" жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай