31 қаңтар 2017 08:40

Үкімет пен ҰҚК-ға "Қазақстан киберқалқаны" жүйесін қалыптастырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне "Қазақстан киберқалқаны" жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елбасы Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне "Қазақстан киберқалқаны" жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, киберқылмыспен күрестің өзектілігі барған сайын арта түсуде. 

"Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келеді. Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады", - делінген Жолдауда.

Мұнымен қатар, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек екені айтылады. "Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке "мүлде төзбеушілікті" қалыптастыру керек. Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметтерінің мақсатты жұмысы ұйымдастырылуға тиіс. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керек", - деген Елбасы бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет екенін айтты.

Осы шараның барлығы Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан, 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада ескерілуге тиіс.

Сондай-ақ, Елбасының айтуынша, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадлды. "Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет. Маңызды мәселенің бірі - сатып алу саласын жетілдіру. Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша енгізуді тапсырамын. Квазимемлекеттік секторда, табиғи монополия және жер қойнауын пайдалану салаларында да сатып алу шараларын өткізу әдістерін түбегейлі қайта қарастыру керек", - делінген Президенттің Жолдауында.

Ал сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты, дейді Елбасы. "Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс".

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының мәтіні бүгін жарияланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети