28 сәуір 2021 | 16:41

Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы өкілетін Тоқаевқа тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elbasy.kz Фото: elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының басшысы қызметінен кетеді. Ол өз өкілетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының басшысы қызметінен кетеді. Ол өз өкілетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында айтты. 

"2019 жылы 19 наурызда 30 жылдық қызметімнен кейін президент өкілеттігін тоқтаттым. Осы жеткілікті, басшылықта өзгеріс, жаңа адамдар мен жаңа міндеттер болуы керек деп санадым. Билік сабақтастығы мәселесі 2019 жылы конституциялық жолмен шешілді. Бұл қадамның дұрыстығын өмір растады. Мен осы жылдар бойы менімен бірге жұмыс істеген, өзім жақсы білетін адамды таңдадым. (...) Бүгін бұл таңдау дұрыс болғаны ақталып отыр.

Қазір мен осымен тоқтамай бұдан әрі жылжығым келеді. Бұл да мен үшін маңызды қадам, өйткені 1995 жылдан бастап мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бастауында болдым, жұмысты басқардым, біз сіздермен бірге күрделі жолдан өттік", - деді Назарбаев Ассамблея сессиясында.

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА мүшелеріне оның бағытын қолдағаны үшін алғыс айтты.

"Бұл мен үшін, жігерлі жұмыс пен сенімділік, барлығы үшін маңызды болды. "Тұңғыш Президент туралы" Конституциялық заңға және Ассамблея туралы заңға сәйкес менде өмір бойы ҚХА-ны басқару құқығы бар, мен сіздербен әрқашан бірге боламын, бас тартпаймын, бұл ретте бірқатар өкілеттік ел Президентіне бекітіледі (...)

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі президент жанында тірек ретінде тұруға тиіс. Екінші жағынан, мемлекет басшысы да ассамблеяға сүйенеді. Барлық сұрақ бір қолда болуы тиіс. Мен ҚХА-ны басқару құқығымды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа беруді ұйғардым. (...) Бүгінгі шешім Ассамблея қызметінің мүдделеріне қызмет ететініне және Президентімізге еліміздің, қоғамымыздың, мемлекетіміздің болашағына арналған барлық жұмыс пен жоспарды біріздендіруге көмектесетініне сенімдімін. Қасым-Жомарт Кемелұлы, ҚХА-ның сізге көрсеткен сенімімен құттықтаймын, сізге табыс тілеймін", - деді еліміздің Тұңғыш Президенті.

Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі болып Марат Әзілханов тағайындалған болатын. 

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық мәртебеге ие, ол Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сайлауға құқылы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети