07 қаңтар 2021 09:14

Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қымбатты отандастар!

Православ христиандарын және барлық қазақстандықтарды шуақты мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам  ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы болып келеді. Оның өзегінде зор жасампаз күш, үміт пен үйлесім ұялап жатыр.

Қазақстанда атап өтілетін Рождество және басқа да діни мерекелер біздің өмірімізге оптимизм, рухани байлық, толеранттылық әкеледі. Осы күндері адамның жүрегі ең ізгі сезімдерге толып, мұқтаждарға көмектесуге, жақын жандарға қуаныш сыйлап, қамқорлық жасауға деген ықылас оянады.

Мәңгілік рухани құндылықтар біздің еліміздегі барлық діндер мен этностар өкілдерінің басын біріктіріп отыр. Олар татулықтың, тұрақтылық пен бірліктің берік негізіне айналып, Қазақстанның қарқынды дамуына септігін тигізуде.

Осы жарқын мерекеде баршаға баянды бақыт, игілік пен мықты денсаулық тілеймін!", - делінген құттықтауда. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети