18 наурыз 2015 16:02

Назарбаев: Қазақстанның сыртқы саясаты бейбіт әрі салмақты бола береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның сыртқы саясаты бейбіт әрі салмақты болып қала береді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзіне сенім грамоталарын тапсырған шетел мемлекеттері елшілері алдында сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстанның сыртқы саясаты өзара сенім, теңқұқылылық және ынтымақтастық қағидаларына негізделген бейбіт әрі теңдестірілген күйінде қала береді. Сіздердің қызметтеріңіз ынтымақтастықтың кеңеюіне септігін тигізіп, елдеріміз арасындағы қатынастарға жаңа серпін береді деп үміттенемін", - деді Мемлекет басшысы. Ол жаңа елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтап, еңбектеріне сәттілік тіледі. 

Қазақстан Президентіне Кувейт елшісі Тарек Абдолла әл-Фарадж, АҚШ елшісі Джордж Крол, Пәкістан елшісі Абдул Салик Хан, Болгария елшісі Васил Петков, Сауд Арабия елшісі Гурм бен Саид әл-Милхан сенім грамотасын тапсырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети