26 шілде 2020 15:21

Назарбаев Кенжеғали Сағадиевтің отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиевтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Сағадиевтің ұзақ жыл түрлі жауапты қызметтерді атқарып, үлкен экономист ғалым ретінде өзінің бар білімі мен ұйымдастырушылық мол тәжірибесін Отанымызды өркендетуге, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге арнағанын атап өтті.

"Кенжеғали Әбенұлы абыройлы қызметі мен бойындағы азаматтық  асыл қасиеттерінің арқасында халқымыздың лайықты құрметі мен қошеметіне бөленді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, бүгін Қазақстандық экономист әрі қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 82 жасында қайтыс болғаны хабарланған еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети