23 қараша 2018 14:07

Назарбаев "КИМЭП университеті" АҚ президенті Чан Йан Бэнгпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "КИМЭП университеті" акционерлік қоғамының президенті Чан Йан Бэнгті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "КИМЭП университеті" акционерлік қоғамының президенті Чан Йан Бэнгті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа КИМЭП университетінің қазіргі жұмысы және осы оқу орнын дамыту жоспарының іске асырылуы жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті қазіргі заман экономикасының талаптарына сай білікті мамандар дайындау ісіндегі университет жұмысының тиімділігін атап өтті.

"Университет 1992 жылы құрылған. Осы жылдар ішінде 12 мыңға жуық студент оқуын бітіріп шықты. Бүгінде мұнда әлемнің әртүрлі елдерінен келген оқытушы-профессорлар құрамы еңбек етеді. 29 білім бағдарламасы бойынша 2109 студент ақылы негізде оқып жатыр", - деді Елбасы.

Чан Бэнг университет түлектерінің 93 пайызы оқу бітірген соң 6 айдың ішінде жұмысқа орналасатынын айтты.

Сонымен қатар, "КИМЭП университеті" акционерлік қоғамының президенті биыл оқу орны Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің тұжырымы бойынша ғылым және білім саласын дамыту ісінде үздік деп танылғанын атап өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети