Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Қонаев жайлы: Мен оның жеке басына тиетін сөз айтпадым

27 Маусым 2016, 20:27
1
© instagram.com/ya_krassiyenko
© instagram.com/ya_krassiyenko

3 шілдеде Қазақстанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фильм авторы Ярослав Красиенко өзінің Instagram-аккаунтында бірнеше видеоаңдатпа жариялады. 

"ЕЛБАСЫ" туралы жаңа фильмнің аңдатпасы. Халықты түсінуге,тануға жол ашатын ой-толғам! Дін мен діл, бабалар жолы жайында, - деп жазды ол видеолардың біріне сипаттама ретінде. Бұл роликте Назарбаев тілшімен дін туралы сөйлеседі. "Қазақстандық мұсылман діні байсалдырақ, шыдамды. Сүннизм де байсалды дін, зайырлы дін. Біздің өз салтымыз, дәстүріміз бар. Сосын қазақтар әруаққа табынады. Ал Құранда Аллаға ғана табынады делінген, ешқандай да әруаққа емес. Біз жеті атамызды біліп, бабаларымыздың әруағына табынамыз. Мұнда қорқынышты дүние көріп тұрған жоқпын", - деді Мемлекет басшысы. 

"Елбасы" жайлы фильмнің тағы бір аңдатпасы. Нұрсұлтан Назарбаевтың 1986 жылы ақпанда ҚазКСР КП XXVI  съезінде сөйлеген сөзі туралы атышулы оқиғаның мән-жайын анықтаймыз", - деп жазды фильм авторы.

"Әрине, бұл сөзім бүлік болды, шынымды айтайын, бірақ айтпай тұра алмадым, маған қиын болды. Өте қатты құрметтейтін басшыма сөзімнің тиіп кетіп тұрғанын түсіндім. Бірақ мен оның жеке басына тимедім, экономика жайлы айттым. Бірақ мен оған қатты тиіп кететіні жайлы тіпті ойламадым да. Өз ішімде мен оған көмектесіп жатырмын деп есептедім. Мен ол бұл жайлы білмейді деп ойладым. Сол кезең жеке мен үшін қауіпті болды. Жалпы мемлекеттің қайсыбір реформасы реформатор үшін әрқашан да қауіпті", - дейді фильмде Назарбаев.

Сонымен қатар, тағы бір аңдатпада Назарбаев билік туралы айтады. "Әрине, қазақ, ол да өзін құрметтеуді сүйеді, жақсы болғысы келеді, басшы болғанды ұнатады. Кім ұнатпайды дейсіз. Ұлт әкесі деп адам өзін емес, оны халық атауы керек, мен тіпті бұл туралы сөйлегім де келмейді...".

"Елбасы" фильмі КТК (21.00-де) және "Хабар" (22.00-де) жексенбіде, 3 шілдеде көрсетіледі.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай