Назарбаев Ли Куан Ю жайлы: Мен оны жақын дос санадым

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Сингапур Республикасының Премьер-Министрі Ли Сянь Лунге осы елдің тұңғыш Премьер-Министрі Ли Куан Юдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Сингапур Республикасының Премьер-Министрі Ли Сянь Лунге осы елдің тұңғыш Премьер-Министрі Ли Куан Юдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Сингапур мемлекетінің негізін қалаған жаһандық ауқымдағы көрнекті саяси қайраткер Ли Куан Юдың қайтыс болғаны туралы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылған.

"Біз жиі кездесіп тұрдық. Мен оны жақын дос санадым, одан көп тәжірибе алдым. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Сингапур халқына көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Сингапурдың әлемдік беделін нығайтып, оның Азиядағы жетекші ел ретінде қалыптасуы үшін Ли Куан Юдың орасан күш-жігер жұмсағанын және сол арқылы артына өшпес мұра қалдырғанын атап өткен.

"Қазақстан халқы Ли Куан Юдың біздің елдеріміздің арасындағы берік достық қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесін ешқашан ұмытпайды", - делінген жеделхатта.

Ли Куан Ю 91 жасында қайтыс болды. Еске сала кетейік, ол ақпан айының басында ауруханаға ауыр жағдайда түскен болатын. Бұрынғы премьер өкпеге оттегі өткізетін жасанды вентиляция аппаратына қосылған еді.

Ли Куан Ю - Сингапур елінің белгілі саясаткері, ел тарихында 1959 жылы тұңғыш премьер-министр болды, республика тәуелсіздік алғаннан кейін ол билік басында 31 жыл отырды. Ол Оңтүстік-Шығыс Азияның қаржы орталығына айналған Сингапурдың "экономикалық ғажабының" негізін қалаған адам болып саналады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer