06 қаңтар 2021 17:54

Назарбаев Маминді қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elbasy.kz Фото:elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Elbasy.kz.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Elbasy.kz.

Кездесу барысында Елбасына 2020 жылы әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері туралы айтылды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Үкіметтің жұмысы 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты күрделі жағдайда өткенін атап өтті.

"Елбасы ұлттық экономиканың тұрақтылығын сақтау және стратегиялық даму бағдарламаларын іске асыру бойынша үкіметтің уақтылы қабылдаған шараларын көрсете отырып, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуін атап өтті.

Премьер-министрдің мәліметінше, негізгі капиталға салынған инвестициялар 17 пайыз, жұмыссыздық 5 пайыз болды. Бұл ретте жеңіл өнеркәсіпте 16 пайызға, фармацевтикада 40 пайызға, машина жасауда 16 пайызға, құрылыста 12,5 пайызға және басқа салаларда өсім байқалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети