Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Назарбаев: Менің шаруаларға айтып жүрген ой-пікірімнің барлығының негізгі түйіні - еңбек өнімділігін субсидиялау қажеттігі

19 Қыркүйек 2016, 17:10
3
© zhambylnews.kz
© zhambylnews.kz

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптауға маманданған кәсіпорынның жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан Президентіне облыстың агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштері және қант қызылшасы өндірісін дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев қазір ауыл шаруашылығын мемлекеттік субсидиялауға деген көзқарастың өзгергенін атап өтті.

"Менің шаруаларға айтып жүрген ой-пікірімнің барлығының негізгі түйіні - еңбек өнімділігін субсидиялау қажеттігі. Яғни, қаражат ең ақырғы өнім өндірісі үшін бөлінетін болады", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев өңдеу кәсіпорнының аграрлық техникалары мен ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады. Соңында Елбасы өңірдің шаруаларымен әңгімелесіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Еске салайық, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорған қаласына келіп, әуежай мен әуе вокзалы ғимаратына барды. Мемлекет басшысы әуежай мен әуе вокзалы ғимараттарын қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ, Елбасыға ұшу-қону жолағын жаңарту жұмысы, әуежайды және өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту перспективалары туралы баяндалды.

Ал осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Текелі тау-кен өндірісінің кешенінде болды. Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмысымен танысты. Қазақстан Президентіне инновациялық технологияларды қолдана отырып, қайта балқытылған шойын алу арқылы темір рудасын өндіру және өңдеу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы баяндалды. 

Кейін Мемлекет басшысы Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасында болды. Қазақстан Президентіне облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басты бағыттары және тиісті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы баяндалды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев аурухана қызметкерлерімен кездесті. Олар жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатқа қолдау білдіріп, денсаулық сақтау саласына көрсетіліп отырған қамқорлық үшін Елбасыға алғыстарын айтты.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай