Назарбаев металлургия саласының қызметкерлерін құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев металлургия саласының қызметкерлерін құттықтады Сурет: elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев металлургия саласының қызметкерлерін кәсібт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 


"Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын!

Осы атаулы күні біз металлургтарға – ерлік пен зор қайрат-жігерді талап ететін мамандық иелеріне, өздерінің  абыройлы да ауыр жұмысына берілген еңбексүйгіш жандарға сый-құрмет көрсетеміз.

Менің өзім де домна пеші басындағы еңбекте шыңдалып, тәжірибе жинақтадым. Жұмылған жұдырықтай ұйымшылдықтың, өзара көмек пен нағыз достықтың шын бағасын білдім.

Металлургия – қазақстандық өнеркәсіптің жетекші саласының бірі, онда мыңдаған жоғары білікті мамандар мен басқарушылар еңбек етеді. Олардың қажырлы еңбегі мен асқан шеберлігі еліміздің экономикалық әл-ауқатының берік негізінің бірі болып отыр.    

Сіздер алдағы уақытта да Қазақстанның игілігі жолындағы өз жұмыстарыңыздың барысында кәсіби жаңа биіктерді бағындыра бересіздер деп сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, бақ-береке тілеймін!", - делінген құттықтауда.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также

Валюта бағамы

 470.74   537.75   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +23
Ақтау +28
Ақтөбе +25
Атырау +23
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +23
П
Павлодар +23
Петропавл +23
С
Семей +24
Т
Талдықорған +25
Тараз +30
Түркістан +22
О
Орал +21
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер