Назарбаев Мысырда ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

31 Қазан 2015, 19:30
0
Назарбаев Мысырда ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты - © Lifenews.ru
© Lifenews.ru

Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Ресейдің "Когалымавиа" компаниясының Airbus A321 ұшағы апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Жеделхатта апат салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысы терең күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту сөзін жеткізуді өтінді.

Соңғы мәліметтер бойынша, құтқарушылар 17 баланың денесін тапқан. AFP агенттігінің мәліметінше,бұл туралы елдің авиациялық билігінің басшысы Махмұд әл-Зинати мәлімдеген. Осыған дейін ұшақ бортында 200 ересек адамның және 17 баланың бар екендігі хабарланған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, құтқарушылар 100 адамның мәйітінтапты. ҚР СІМ өкілдерінің мәліметінше, ұшақ бортында қазақстандықтар болмаған. 

Ресей президенті Владимир Путин болған оқиғаға байланысты елде 1 қарашаны қаралы күн деп жариялауға жарлыққа қол қойды. РФ үкіметіне билік органдарымен бірігіп, қаза болғандардың жанұяларына қажетті көмек көрсету бойынша шараларды қабылдау тапсырылды. 

Осыған дейін Мысырда апатқа ұшыраған ұшақтың бортындақазақстандықтардың болмағаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар, қаза болғандардың тізімін БАҚ-тар жариялады. 

KGL9268 рейсі бойынга Airbus А321 ұшағы Шарм-эш-Шейхтен Санкт-Петербургке 2015 жылдың 31 қазанында Астана уақыты бойынша таңғы 9.51-де ұшып кеткен. Лайнер радардан 23 минуттан кейін жоғалған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай