27 ақпан 2019 14:42

Назарбаев: "Нұр Отан" халықтың сенімін ақтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәуелсіздік сарайында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тәуелсіздік сарайында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1999 жылдың 1 наурызы еліміздің тарихына партияның құрылу күні ретінде енді. Бүкіл тарих бойынша 20 жыл - бұл қас қағым сәт, бірақ біз үшін бұл - бүтін бір кезең. "Нұр Отан" партиясы халықтың сенімін ақтап, даму тұрақтылығын қамтамасыз ететін жалғыз саяси күшке айналды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев іс-шараның басында.

Елбасы бұл съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы қаралатынын айтты. Құжатты бұған дейін партиялықтар БПҰ жиналыстарында, аудандық және аймақтық конференцияларда егжей-тегжейлі талқылаған.

"Партияның жаңа бағдарламасы - әлемдік маңызды трендтерді зерттеу, Қазақстанның барлық аймағындағы жағдайды талдау негізінде жасалды. Ол онжылдықтың көрінісі болады. Менің тапсырмаммен алдағы 10 жылға 10 мақсат қойылды. Партия өз алдына нақты мақсаттар қояды, мұның бәрі бағдарламада көрсетілген", - деді Президент.

Назарбаев елдің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға баса мән берілетін жаңа жоба бастауды тапсырды. Сонымен қатар, ол "Нұр Отан" президенттік тапсырмалар мен мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша қоғамдық мониторингтің басты институты болуы керек екенін айтты. Бұл үшін партия ҚР Президентінің Әкімшілігімен бірге арнайы мониторинтік орталық ашады.

"Партияның мәртебесін көтеруіміз керек. Мұнда айтқанымның бәрі партияның жаңа бағдарламасындағы экономикалық бөлімнің негізін құрады. Үкіметтің әр мүшесі жауапкершілікті мойындарына алып, әрқайсысы жеке жауап беруі тиіс", - деп қорытындылады Назарбаев.

Съезд жұмысына 2000-нан аса делегаттар мен қонақтар қатысып жатыр. Олардың ішінде бастапқы ұйым мүшелері, Қазақстанның барлық аймағынан белсенді партиялықтар, жас отандықтар мен шетелдік сарапшылар бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети