Назарбаев ОАР президентін қайта сайлануымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев ОАР президентін қайта сайлануымен құттықтады Джейкоб Зума. ©Ma-zaika.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Джейкоб Зумаға Оңтүстік Африка Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.


Джейкоб Зума басқаратын партияның сайлаудағы жеңісі заңдылық екенін атап өткен Қазақстан Президенті таяу уақыттарда ОАР әлеуметтік-экономикалық даму жолында бұдан да зор нәтижелерге жетіп, халықаралық аренада өз беделін нығайтатынына сенім білдірген.

"Қазақстан Республикасы Оңтүстік Африка Республикасымен арадағы байланыстарды әрі қарай тереңдетуге, екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды жаңа деңгейге шығаруға мүдделі", – делінген жеделхатта.

Құттықтау жеделхатының соңында Нұрсұлтан Назарбаев Джейкоб Зумаға мықты денсаулық, жауапты қызметінде табыс, ал достас ОАР халқына бақ-береке тілеген.

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +18
Ақтау +26
Ақтөбе +23
Атырау +28
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +19
П
Павлодар +18
Петропавл +20
С
Семей +21
Т
Талдықорған +20
Тараз +24
Түркістан +26
О
Орал +19
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер