01 мамыр 2015 12:04

Назарбаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорданың баспасөз қызметі © Ақорданың баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Нұрлы жол - жеңіс жолы" атты мерекелік шара елорданың "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан халқын мерекемен құттықтап, өткен сайлауда ел азаматтары күш-жігері мен бірлігін бүкіл әлемге танытқанын атап өтті.

"Көтэтносты халықтың тұтастығы мен тұрақтылығы арқасында Қазақстан зор табыстарға жетті. Ел алдында тұрған міндеттерді орындау үшін бірлікті сақтау керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сондай-ақ көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін барша халыққа алғысын білдірді.

"Мені қолдаған барлық қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Маған осы күндері еліміз бен әлемнің сан тарапынан, түрлі сала өкілдерінен мыңдаған құттықтау хаттар мен жеделхаттар, телефон қоңыраулары келіп түсуде. Бәріне үлкен рахмет айтамын. Осындай халыққа қызмет ету - ұлы мәртебе. Мен өзімді осы жұмысқа арнаған адаммын және Қазақстанның алға ілгерілеуі үшін, бізді бүкіл әлем құрметтеуі үшін және ел алдында тұрғаны міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін бәрін жасайтын боламын. Біз мұны елдің және болашақ ұрпақтың алдындағы парызымызды орындадық деп айту үшін атқаруға тиіспіз", - деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарға бақ-береке және табыс тіледі.

Айта кетейік, мерекелік шара аясында концерттік бағдарлама өтіп, оған Қазақстанның эстрада жұлдыздары, елордалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілдері, сондай-ақ республиканың шығармашылық ұжымдары қатысты. Алаң аумағында этноауыл құрылып, елорданың ғана емес, елдің басқа қалаларының да этномәдени бірлестіктері өз ұлтының мәдениетін, болмысын, достық дәстүрі мен қонақжайлығын паш етті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети