26 мамыр 2018 10:19

Назарбаев өзі оқыған мектепті музейге айналдыруға тыйым салған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ҚР Тұңғыш Президентінің "Атамекен" тарихи-мәдени орталығын ашу туралы идеяның қайдан пайда болғанын журналистерге айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ҚР Тұңғыш Президентінің "Атамекен" тарихи-мәдени орталығын ашу туралы идеяның қайдан пайда болғанын журналистерге айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біздің Шамалғанда музей бар еді, ол мектептің ішінде, кішігірім үш бөлмеде орналасқан. Ол жерде сабақ өтеді, ал туристердің көпшілігі біздің Тұңғыш Президентіміздің отанына барғылары келеді", - деді Баталов Астанадағы ОКҚ-да өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, мектепті жауып, музей ашу ойының жүзеге асуына не кедергі екені анықталды. Баталовтың сөзіне қарағанда, бұл идеяны естіген ҚР Президенті мектепті жабуға тыйым салып, балалардың білім алуына кедергі жасамауды және сабақтарды тоқтатпауды тапсырған.

Сонымен қатар, Баталовтың айтуынша, ауыл тұрғындары мен меценаттар бөлек ғимарат тұрғызу бастамасын көтерді, ол жерде ҚР Тұңғыш Президентінің өмірін, қызметін бейнелейтін жәдігерлер орналасады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети