Назарбаев Павлодардағы курортты сынға алды: "Бұл масқара!"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысындағы жаңа курортты сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысындағы жаңа курортты сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Болат Бақауов өңірдің экономикалық жетістіктері жайлы және туризм саласының сәтті дамып жатқанын айта отырып, Маралды демалыс орнын таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысын әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша дамыту туралы өткен жиында ескерту жасады. 

Жаңадан салынып жатқан курорттың суреттері Президенттің көңілін қалдырды.

"(...) Қазір Болат Бақауов Маралдының, онда адамдардың демалып жатқаны түсірілген суреттерді көрсетті... Бұл масқара! Ол суреттерді ешкімге көрсетпе. Қарашы, адамдар жалаңаш жүр, отыратын жер жоқ. Адам толып жүргенін көріп тұрсың ба? Онда қонақүй түгілі, тіпті отыратын орын жоқ! Шатыр да жоқ! Сұмдық!", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Cондай-ақ, Мемлекет басшысы демалыс орнында инфрақұрылымды дамытып, ондағы адамдарға жағдай жасау керектігін айтып өтті.

"Мен Қазақстан бойынша неліктен инфрақұрылымды дамытып жатырмын? Еріккеннен деп ойлайсыздар ма? Инфрақұрылымға қордан 9 миллиард доллар бөлдім. 5,5 мың шақырым жол - қазақтар мұндай жолды ешқашан көрген емес. Біз бес жылда 4,5 мың шақырым жол салдық, тағы 5 мың шақырым жол саламыз. Барлық қаржы институты бізге сенеді және бізге сол ақшаларды береді. Павлодардан Астанаға баратын жол салдық, енді әрі қарай Баянауылға дейін жол саламыз", - деді Назарбаев.

Осыған дейін Президенттің жұмыс сапарымен Павлодарға барғаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer