14 ақпан 2015 20:52

Назарбаев пен Путин Украинада оқ атуды 15 ақпанда тоқтатудың маңызды екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин. ©РИА Новости Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин. ©РИА Новости

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей федерациясының басшысы Владимир Путинмен Украина дағдарысын реттеуге арналған Минск кездесуінің қорытындыларын телефон арқылы талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей федерациясының басшысы Владимир Путинмен Украина дағдарысын реттеуге арналған Минск кездесуінің қорытындыларын телефон арқылы талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Ресей жағы бастамашылық еткен әңгімеде Назарбаев нақ осы "норманд төрттігінің" жоғары деңгейдегі кездесуі, әсіресе Владимир Путиннің келіссөздер кезіндегі белсенді ұстанымы Минскіде келісімге жетуге септігін тигізгенін атап өтті. Назарбаев пен Путин қақтығысушы екі тараптың да оқ атуды белгіленген сағатта (2015 жылғы 15 ақпан, 00.00 сағат) тоқтату туралы уағдаластықты орындауы ерекше маңызды екеніне тоқталды.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсалған күш-жігер Украинадағы қақтығыс мәселесін шешуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін жеткізді.

Сонымен қатар, Владимир Путин экономика саласындағы бірлескен жұмысты талқылау үшін Беларусь, Қазақстан және Ресей басшыларының Астанадағы үшжақты кездесуіне қатысуға дайын екенін растады.

11 ақпанда Минскіде Украинадағы жағдайды реттеуге арналған келіссөздер басталып, 12 ақпанда аяқталды. Кездесуге Петр Порошенко, Владимир Путин, Франсуа Олланд, Ангела Меркель және ДХР және ЛХР басшылары Александр Захарченко және Игорь Плотницкий қатысты.

Кездесу жалпы 16 сағатқа созылды. Келіссөздер қорытынды декларациямен аяқталды, онда 15 қаңтардан бастап атысты тоқтату, артиллерия жүйесін кем дегенде 50 шақырымнан алысқа алып кету, ені 70 шақырым болатын буфер аймағын құру, кепілге алынғандарды "бәрін бәрі үшін" схемасы бойынша алмасып, босату қарастырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети