26 қазан 2021 14:20

Назарбаев пен Тоқаев академик Серік Қирабаевтың отбасына көңіл айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Қирабаев. Фото: nauka-nanrk.kz Серік Қирабаев. Фото: nauka-nanrk.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті әдебиеттанушы, сыншы, филология ғылымының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті әдебиеттанушы, сыншы, филология ғылымының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында Мемлекет басшысының жеделхатын жариялады.

"Серік Смайылұлы өнегелі ғұмыр кешіп, бар күш-жігерін отандық ғылымды дамытуға арнады. Қазақ әдебиетін терең зерттеп, ұлттық қазынамызды жарқыратып көрсетуге сіңірген еңбегі өте мол. Көптеген еңбектердің, монографиялардың және оқулықтардың авторы атанды. Білікті мамандар даярлау ісіне де орасан зор үлесін қосқан еді. Соңына өшпес із, ғылыми мол мұра қалдырған ұлағатты ұстаз Серік Смайылұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Халқымыз есімін әрдайым ардақ тұтады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", - деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та марқұмның отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдаған.

"Саналы ғұмырын басыбүтін ғылыми-педагогикалық қызметке арнаған Серік Смайылұлы отандық әдебиеттану саласын дамытуға қомақты үлесін қосқан ірі ғалым. Ол өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап орта мектепке арналған оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жазу және жетілдіру ісіне аянбай атсалысқан зор парасат иесі, ұлағатты ұстаз еді.

Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы қайраткерлігімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді, соңына көптеген мәнді ғылыми зерттеулері мен ізбасар шәкірттерін қалдырды", - делінген Елбасының жеделхатында.

Бұған дейін көрнекті әдебиет сыншысы Серік Қирабаев 95 жасына қараған шағында өмірден өткені хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети