Назарбаев пен Тоқаев Путинмен сөйлесті

21 Наурыз, 17:53
0
Назарбаев пен Тоқаев Путинмен сөйлесті -

Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескені хабарланды.

"Владимир Путин екі тараптың одақтастық қатынасының дамуына және еуразиялық бірлесу жобасының сәтті жүзеге асуына үлкен үлес қосқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуразиялық экономикалық одақ аясында әріптестікті күшейту бойынша жұмыстарға белсенді қатыса беретініне сенімді екенін айтты", - деді Кремльдің баспасөз қызметі.

Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік қызметімен құттықтап, оған сәттілік тіледі.

"Олар алдағы уақытта Ресей мен Қазақстанның әріптестік байланысының одан әрі тығыз болуына және жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына іссапарын ұйымдастыруға келісті", - деп хабарланды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай