05 қазан 2018 16:41

Назарбаев: Полицей - ол билік, менің өкілім

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Көшедегі кез келген полицей Президенттің өкілі. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көшедегі кез келген полицей Президенттің өкілі. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы ішкі істер министрлігіне үндеу жасап, құқыққорғау жүйесін сынға алды, Президенттің ойынша, ол жүйені жетілдіру керек.

"Не жетпейді? Ақша жетпей ме? Үкімет көмектеспей ме? Айт, тек жұмысыңды істе. Ең бастысы - заңның үстемдігі. Сыртқы инвесторлардың, біздің халықтың полициямен бірге билікке деген сенімі. Билік деген сендер! Көшедегі полицей - ол билік, менің өкілім. Сен осыны барлық полицейге айтасың ба?", - деп сұрады Назарбаев. 

Президент полицейлерге қатысты жаңа стандартты бекітуді, мансабын жоғарылату жүйесін өзгертуді ұсынды.

"Сен ұсыну керексің. Бізде сенен асқан мамандар жоқ. Сондықтан сен - генерал әрі министрсің. Аппаратпен, Қауіпсіздік кеңесімен бірге өзге елдердің тәжірибесі бойынша жаңа құрылымды маған ұсыныңдар", - деп талап етті Президент Қасымовтан.

Назарбаев барлық қызметкерді аттестациялаудан қайта өткізуді тапсырды. Оның айтуынша, тең үздік нәтиже көрсеткендер ғана қалуы тиіс.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты еліміздегі ең тәжірибелі полицей санайтынын айтты.

"Мен генерал Қасымовты еліміздегі ең тәжірибелі полицей әрі парасатты, адал адам деп санаймын. Ол полицейлермен қалай жұмыс істеу керектігін өзі айтады. Бағдарламаларыңыз бар ғой, иә?", - деді Президент министрге.

Қасымов өз кезегінде реформалардың дайындалып жатқанын айтты.

"Ішкі істер органдарының жұмысын жаңғырту бойынша жол картасын қабылдау керек. Ол жоба 2019 жылдан бастап жүзеге асырылуы тиіс", - деп тапсырма берді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети