24 тамыз 2018 09:26

Назарбаев Путиннің Ақтау жайлы ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқа елдерден гөрі Қазақстанда демалған жақсы екенін айтады, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқа елдерден гөрі Қазақстанда демалған жақсы екенін айтады, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.

Президенттің Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша өткен жиын барысында айтқан сөздері КТК телеарнасының жаңалықтарында көрсетілген еді.

"Әлемдегі бүкіл елді көріп қайттым. 251 мемлекеттің басшысымен кездестім. Бірақ олар ауысып тұрды, ал мен әлі сол орындамын. (...) Міне, осыдан айтқым келетіні, мен басқа жерде демалғаннан гөрі өзіміздің елде демалған жақсы деген пікірге келдім. Өзім аз демаламын, бірақ көбірек демалуға да болады", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы осы ретте Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауын мысал ретінде келтірді.

"Ақтау, міне, жағалауы бар! Путин келген болатын. Ресей де сол жағалауға кіреді. Сол кезде Путин "Мұндай таза су" көрмеппін деген еді", - деп келтірді Путиннің сөзін Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети