Назарбаев РФ президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады 03 сәуір 2017, 22:51
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады
, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың сайтында Қазақстан Президенті Санкт-Петербург қаласы метросындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны жайлы жазылған.
"Бұл оқиға қабырғамызды қайыстырды, Ресей Федерациясы халқының ауыр қайғысына ортақпыз", - делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.