14 сәуір 2016 17:35

Назарбаев Сауд Арабиясының королімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммиті барысында Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ғылым мен техника және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Қазақстан Президенті мен Сауд Арабиясы Королі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және терроризм мен экстремизмге қарсы жаһандық деңгейдегі іс-қимылдың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, тараптар ИЫҰ саммитіне тоқталып, оның табысты өтетініне, қабылдануы жоспарланған шешімдерінің тиімді болатынына үміттенетіндерін білдірді. 

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездескен болатын. Екі ел басшылары ислам әлеміндегі татуласу жөніндегі бірлескен декларациясын қабылдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети