Назарбаев Семей полигонындағы сынақты Хиросима мен Нагасаки жарылысымен салыстырды

07 Қараша 2016, 19:43
0
Назарбаев Семей полигонындағы сынақты Хиросима мен Нагасаки жарылысымен салыстырды -
Назарбаев Семей полигонындағы сынақты Хиросима мен Нагасаки жарылысымен салыстырды -

Қазіргі уақытта Жапонияда ресми сапармен жүрген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық полигонында болған сынақтардың санын Хиросима мен Нагасаки жарылысымен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Семей ядролық полигонында болған жарылыс саны Хиросима мен Нагасакиде болған атом бомбасынан 2500 есеге артық",- деді журналистерге Назарбаев Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен өткізген келіссөзден кейін.

Айта кетейік, 9 қарашада Қазақстан Президенті Хиросима қаласына барады.

"Бізге, қазақстандықтарға, бұл жағдай өте таныс", - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның Жапониямен бірге ядролық қарусыз әлемді қалыптастыруда күрестіндерін айтты. 

Еске салайық, Қазақстан Президенті Токио қаласына ресми сапармен барған болатын. Мемлекет басшысы Жапонияның Парламентінде және "Токай" университетінде сөз сөйлеп, іскер топтар өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Сондай-ақ, Назарбаев Жапония Императоры Акихитомен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің түрлі саладағы өзара іс-қимылына, соның ішінде Жапонияның Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне тұрақты түрде қатысып келе жатқанына тоқталып, бұл елмен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында сенімді серіктестік орнағанын айтты.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай