Назарбаев сыйлығы кімдерге берілді

29 Тамыз, 11:55
0
Назарбаев сыйлығы кімдерге берілді - Юкио Амано, Лассина Зербо. © REUTERS
Юкио Амано, Лассина Зербо. © REUTERS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбев сыйлығын кімге берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордада Елбасы мен Президенттің қатысуымен Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығымен марапаттау рәсімі өтіп жатыр.

"Біздің бүгінгі кездесуіміздің өзіндік мәні бар болып табылады - биыл Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен МАГАТЭ-ға қосылғанына 25 жыл толды, сондай-ақ Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарт күшіне енгеніне 10 жыл толды. Біздің жиналыс осындай маңызды оқиғаларға сәйкес келді. Сіздер Қазақстанның қару-жарақ арсеналы бойынша әлемдегі 4-ші ел болып саналғанын жақсы білесіздер. Қазір біз ядролық мемлекеттер қатарынан әлемдік ядролық қаруға қарсы қозғалыстың жаһандық көшбасшысы болдық", - деді Тоқаев.

Президент осы жылы сыйлықты МАГАТЭ-нің бұрынғы бас директоры және Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассин Зербо марқұм Юкио Аманоға берілгенін айтты", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Лассин Зербоға, сондай-ақ марқұм Юкио Аманоның жары мен інісіне сыйлықты өзі табыс етті.

Сыйлық жаһандық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға қосқан үлесі үшін саяси және қоғамдық көшбасшыларға беріледі. Ол екі жылда бір рет тапсырылады және 29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Семей ядролық полигонының жабылу күніне орайластырылған.

Биыл "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл және 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы БҰҰ қарары қабылданғанына 10 жыл толады.

Үміткерлерді сыйлық беру жөніндегі комитет іріктеді. Комитет төрағасы - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Комитет хатшысы - Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев, комитет мүшелері - сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед, Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Владимир Школьник, Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу, Нобель сыйлығының лауреаты, МАГАТЭ бұрынғы бас директоры Мохаммед әл-Барадей, американдық физик-ядрошы, АҚШ-тың энергетика экс-министрі Эрнест Мониз, Австрия СІМ-нің экс-басшысы Бенита Ферреро-Вальднер, Италия СІМ-нің экс-басшысы Франко Фраттини, Ресей Ғылым академиясының президенті Александр Сергеев.

Сыйлық 2016 жылы 10 қазанда бекітілген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай