27 мамыр 2016 11:27

Назарбаев Тәжікстан президентін референдум өткізуімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ortcom.kz © Ortcom.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонды бүкілхалықтық референдум өткізуімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тәжікстан президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонды бүкілхалықтық референдум өткізуімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тәжікстан президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, телефон арқылы сөйлесу қазақстандық тараптың бастамасымен болған.

Қазақстан Президенті Эмомали Рахмонды Республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуімен құттықтай отырып, Тәжікстанның ары қарай дамуына тілек білдірді.

Бауырлас екі елдің басшылары өңірлік қауіпсіздік және тұрақтылық жөнінде пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Еске салайық, Тәжікстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өткен болатын. Жаңа өзгерістерге сәйкес, қазіргі президентке қайта сайлануға шектеу қойылмайды. Сонымен қатар, діни, ұлттық негіздегі партиялардың құрылуына тыйым салынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети