20 қыркүйек 2016 07:21

Назарбаев Талдықорғандағы Оқушылар сарайына жайлы автобус тарту етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Қазақстан Президенті Талдықорғандағы Оқушылар сарайында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Талдықорғандағы Оқушылар сарайында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы биология, физика кабинеттерін, техникалық шығармашылық модельдері көрмесін, хореография залын, үлкен концерт залын аралап көріп, көркемөнер галереясындағы суреттер экспозициясымен танысты.

Елбасы назарына ән және би өнері бойынша балалардың концерттік нөмірлері ұсынылды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Оқушылар сарайына келетін балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесіп, шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі.

Соңында Мемлекет басшысы Оқушылар сарайына жайлы автобус тарту етті.

Айта кетейік, ғимараттың жалпы алаңы - 13 мың шаршы метрден астам. Мекеме инфрақұрылымы шеберхана, зертхана, көрме және мәжіліс залдарын, сондай-ақ музей, медиатека, дыбыс жазу студиясы мен обсерваторияны қамтиды.

Еске салайық, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорған қаласына келіп, әуежай мен әуе вокзалы ғимаратына барды. Мемлекет басшысы әуежай мен әуе вокзалы ғимараттарын қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ, Елбасыға ұшу-қону жолағын жаңарту жұмысы, әуежайды және өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту перспективалары туралы баяндалды.

Ал осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Текелі тау-кен өндірісінің кешенінде болды. Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмысымен танысты. Қазақстан Президентіне инновациялық технологияларды қолдана отырып, қайта балқытылған шойын алу арқылы темір рудасын өндіру және өңдеу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы баяндалды. 

Кейін Мемлекет басшысы Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасында болды. Қазақстан Президентіне облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басты бағыттары және тиісті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы баяндалды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев аурухана қызметкерлерімен кездесті. Олар жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатқа қолдау білдіріп, денсаулық сақтау саласына көрсетіліп отырған қамқорлық үшін Елбасыға алғыстарын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети