Назарбаев Тимур Сүлейменовтің жұмысына жақсы баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Тимур Сүлейменовтің жұмысына жақсы баға берді © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында жаңадан тағайындалған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің жұмысына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында жаңадан тағайындалған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің жұмысына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің болжам бойынша жыл соңында экономика деңгейі 2 пайызға өсуі керек. Салалар бойынша тау-кен өндірісі 3,6 пайызға, азық-түлік өндірісі - 3,2 пайызға, машина жасау - 13 пайызға өсім көрсету қажет. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын 2,5 пайызға дамытуды жоспарлап отырмыз, құрылыс саласын - 2,6 пайызға, көлік пен логистиканы - 4 пайызға. Бұл көрсеткіштерге жетуге Ұлт жоспары, бағдарламалық құжаттар және сіздің Жолдауыңызды жүзеге асыру бойынша ретті жұмысымыз кепіл болады", - деп баяндады Тимур Сүлейменов. 

"Жақсы баяндама жасадың. Яғни, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін болсақ, жоспар бойынша бес пайыздық көрсеткішке жетуіміз керек. Сондықтан экономиканың қай бөлігі өсім көрсетіп жатқанын есептеуің керек. Экономика министрі - бұл мемлекет, үкімет үшін тың жоспарлар мен ұсыныстар дайындайтын штаб. Түсінікті ме? Сен жас министрсің, білім мен тәжірибең жеткілікті деп ойлаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, 25 қаңтарда Қазақстан Президенті қазақстандықтарға арнайы үндеу жасаған болатын. Президенттің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуі телеарналар эфирінде таратылды. Кейінірек Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының мәтіні жария болған еді. Жолдауда Назарбаев Үкіметтің бір орынды шиырлай беруді доғаруын, сондай-ақ, Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне "Қазақстан киберқалқаны" жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети