Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Назарбаев ТМД арнаулы қызметтері басшыларына үндеу жасады

05 Қараша 2014, 13:50
0
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 37-отырысына қатысушылармен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл отырыста қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтердің ТМД кеңістігіндегі, соның ішінде лаңкестікке және экстремизмге қарсы тұру саласындағы өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қаралды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы аталған органдардың қазіргі жағдайдағы қызметінің маңыздылығына тоқталды.

"Біз жаңа сын-қатерлерді, лаңкестік ұйымдардың белсенді бола түскенін көріп отырмыз. Мұндай жағдайда ұлттық қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтердің жұмысын үйлестіру өте маңызды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті қауіпсіздік мәселесі Кеден одағының жұмысы жағдайында ерекше өзекті болып отырғанын айтты.

"Шекаралар ашылды, құқық бұзушылар елдер аумағында емін-еркін жүре алады. Осыған байланысты сіздердің бірлескен жұмыстарыңыз, бір-біріңізге көрсететін ілкімді ақпараттық қолдау баға жетпес мәнге ие", – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық азаматтардың құқықтарын сақтау, орнықты әлеуметтік-экономикалық даму қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның іргетасы болып саналатынына да назар аударды.

"Біз қазір әлемдік экономикадағы қиындықтар мен Украинадағы ахуал төңірегіндегі оқиғаларға байланысты жаңа сын-қатерлер таяп келе жатқанын сезіп отырмыз. Осыған байланысты мемлекеттерге бірінші кезекте ішкі сипаттағы шаралар қабылдау қажет. Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 5 жылда 800-ден астам кәсіпорын құрылды, көп жұмыс орындары ашылды. Осының бәрі мұнайға, газға және басқа да ресурстарға тәуелділікті азайта отырып, экономикалық оң ықпалын тигізуде. Келесі бес жылдықта біздің еліміз инновациялық дамуға ден қоятын болады", – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының айтуынша, инфрақұрылымдарды әрі қарай дамыту да басымдыққа ие болады.

"Біздің еліміздің аумағы кең, сондықтан инфрақұрылымдарға, автокөлік және теміржолдар, көпірлер мен өткелдер салуға зор көңіл бөлінуде. Атап айтсақ, Астанадан барлық бағытта мың шақырым жаңа автокөлік жолдарын салу жоспарлануда. Бұл жұмыс орындарын ашып, экономиканың жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай