31 қазан 2015 13:09

Назарбаев тұңғыш рет жария түрде Азаматтық-процестік кодексіне қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін тұңғыш рет жария түрде Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық-процестік кодексіне қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан. Бұл заң жобасын Парламент 2015 жылдың 23 қыркүйегінде мақұлдаған. 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін тұңғыш рет жария түрде Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық-процестік кодексіне қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан. Бұл заң жобасын Парламент 2015 жылдың 23 қыркүйегінде мақұлдаған. 

"Біздің өткізіп отырған бес институционалдық реформамызға және 100 нақты қадамымызға сәйкес, біз 59 жаңа заңнама актісін қабылдауымыз қажет. Біз 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мен айтқан барлық реформаны іске қосу үшін бұл заңдарды қабылдауымыз керек. 16 заңға мен қол қойдым, оларды Парламент қабылдаған. Бүгін мен 17-ші заңға қол қойып жатырмын. Біз мұны бірінші рет жария түрде жасап жатырмыз. Бұл осы құжаттың біздің еліміз үшін зор маңыздылығымен байланысты, Қазақстанның әрбір азаматына маңызды екендігімен байланысты. Бұл жаңа заңның мәнін халыққа жеткізуге мүмкіндік береді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға.

Кодекстегі новеллалар қатарында сотқа дейінгі тыңдауларда қатысушыларды дәлел келтіруін міндеттейтін тарау бар. Егер олар ұсынылмайтын болса, дәлелдемелер кейін, сот тыңдауы кезінде ұсынылуы керек. Тек кей жағдайларда, егер оларды ұсына алмаудың лайықты себебі болса, онда дәлелдерді апелляциялық инстанцияда ұсыну мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, кодексте адвокаттарға мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден адвокатура туралы заңнамамен бекітілген тәртіпте заң күші арқылы анықтамалар мен өзге де құжаттарды сұратуға мүмкіндік беретін норма бар. 

Айта кетейік, Президент жаңа Азаматтық-процестік кодексті жасауды 2013 жылы тапсырған еді. "Азаматтық сот өндірісін модернизациялау қажет. Үкіметке Жоғарғысотпен бірге жаңа Азаматтық-процестік кодексті жасауды тапсырамын", - деген еді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети