12 тамыз 2018 19:50

Назарбаев Түрікменстан президентімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қазақстанға келген Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіріп, халықтарымызды тарихи әрі бауырластық қатынастар байланыстыратынын айтты.

"Сіздің Қазақстанға жасаған сапарыңыздан кейін біздің сауда қатынастарымыздың жанданғаны байқалады. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстарды ілгерілету үшін әлеуетіміз әлі де жеткілікті", - деді Қазақстан Президенті.

Гурбангулы Бердімұхамедов саммитке қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін ризашылық білдіріп, оның ұйымдастырылуы мен өткізілуін жоғары бағалады.

"Бұл күн ғасырлар бойы қалыптасқан өзара қарым-қатынасымызға тың серпін беріп отыр. Қазіргі кезеңде екі жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін барлық мүмкіндік бар", - деді Түрікменстан Президенті.

Кездесу соңында тараптар осы айдың соңында Түрікменстанда өтетін Арал теңізінің проблемаларына арналған отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети