Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Украина казактарының алтын жұлдызымен марапатталды

18 Сәуір 2014, 18:02
0
©Тұрар Қазанғапов.
©Тұрар Қазанғапов.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина казактарының алтын жұлдызымен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан казактарының атаманы Юрий Захаров Қазақстанның орыс слаян казак ұйымдары үйлестіру кеңесі делегациясының Майдан мен Севастопольде болғанын айтты. "Қайда болсақ та, біздің туымыз қай жерде көтерілсе де, бізді құшақ жайып қарсы алды, барлық жерде біздің Президентімізді жақсы көреді. Барлық жерде "Бізде ондай Президенттің жоқтығы өкінішті" деп жатты", - деді ол.

Атаман Мемлекет басшысының Украина казактарының алтын жұлдызымен марапатталғанын айтты. "Украина казактары Сізден, Нұрсұлтан Әбішұлы, бар рухани мырзалығыңызды, мейіріміңізді, ой-парасатыңызды паш етіп, украин халқының қайғысын сейілтуді сұрайды. Казактардың халықаралық академиясы Сізді Украина казактарының алтын жұлдызымен марапаттады", - деді Захаров.

"Казактар мен қазақтардың түбірі бір. Бұл сөздің мағынасы да - бір. Бұлар - еркін адамдар! Еркіндікте дала кезген казактар не, емін-еркін көшіп жүрген қазақтар не - бір. Әнде айтылатындай: "Казак тағдырына берілген ерікке жаным ашиды", - деп қалжыңдады Назарбаев сессияда оның сөзінен кейін.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстан казактары Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай