27 наурыз 2021 13:38

Назарбаев Владимир Шепельдің жақындарына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет қайраткері Владимир Шепельдің туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тұңғыш Президент сайтына сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет қайраткері Владимир Шепельдің туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тұңғыш Президент сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Владимир Николаевич Шепельдің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. Елбасы В.Шепель өзінің ұзақ жылдарға созылған еңбек жолын мемлекеттік қызметке арнап, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

"Ол әрдайым өзінің жоғары кәсібилігімен, табанды өмірлік ұстанымдарымен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін. Владимир Николаевич Шепельдің жарқын бейнесі жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады", - делінген жеделхатта.

26 наурызда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Владимир Шепель 74 жасында өмірден өтті. Әр жылдары ол Президент әкімшілігінде жұмыс істеді, кеңсесін басқарды, мұрағат директоры болды. Оған көптеген мемлекеттік марапат берілген.

Tengrinews.kz редакциясы Владимир Шепельдің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети