Назарбаев Вучичке Сербия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

04 Сәуір 2017, 13:32
4
Назарбаев Вучичке Сербия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Александр Вучичке Сербия Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Александр Вучичті Сербия Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады.

"Сіздің басшылығыңызбен Сербия өркендеу жолында жаңа табыстарға қол жеткізетін болады. 

Қазақстан мен Сербия арасындағы өзара қарым-қатынастың дамып келе жатқанына қуаныштымын. Астана мен Белградтағы кездесулерімізді жылы сезіммен еске ала отырып, елдеріміздің достығы мен ынтымақтастығы одан әрі нығая түседі деп сенемін.

Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Сербия халқына бақ-береке тілеймін", - делінген жеделхатта.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай