15 ақпан 2017 13:28

Назарбаева Киыновқа: Сіздің кеткеніңіз өкінішті, бензин арзан болар ма еді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© © Tengrinews.kz © © Tengrinews.kz

Сенатор Дариға Назарбаева Ләззат Қиыновтың мұнай саласынан кетіп қалуына байланысты өкініш білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатор Дариға Назарбаева Ләззат Қиыновтың мұнай саласынан кетіп қалуына байланысты өкініш білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен өткен кездесуде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын алып-сату кезінде бағаның қымбаттауына қатысты мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов көтерме бағамен сатылатын орталықтарды құру жайында айтты.

Ал сенатор Ләззат Қиынов осы мәселеге қатысты күмәні бар екенін айтып өтті.

"Олар бұл проблемаларды шеше алмайды, яғни, олар сауда нүктесінің әрқайсысын бақылай алмайды. Мұнай саласында жұмыс істегенде біз әрбір сауда нүктесіне бағаны 3-5 пайыздан асырмауды айтқанбыз. Олар ережені бұзған жағдайда, біз оларға отын бермейтінбіз. Бұл жерде барлығын заңды түрде жасау керек", - деп кеңес берді сенатор.

"Сіздің кеткеніңіз өкінішті, бензин арзан болар ма еді", - деді өз кезегінде Дариға Назарбаева.

Айта кетейік, Ләззат Қиынов мұнай саласында 1971 жылдан бастап жұмыс істеген. Ал 2002 жылдан бастап "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы қызметіне келді. 2013 жылға дейін ұлттық компаниядағы түрлі қызметтерде болды. Ал кейінірек 2013 жылдан бастап Қазақстан Парламентінің Сенатының депутаты қызметіне келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети