Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаевқа Оңтүстік Африкадан құттықтау жеделхаты келіп түсті

14 Мамыр 2015, 17:48
0
© akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Оңтүстік Африкадан құттықтау жеделхаты келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Оңтүстік Африка Республикасының президенті Джейкоб Зума Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Зума Оңтүстік Африка үкіметі мен халқының атынан шынайы құттықтауды жеткізді.

"Елдеріміз бен халықтарымыздың арасындағы орныққан қарым-қатынастарға қанағаттанатынымды айтқым келеді. Біздің ұзақмерзімді қарым-қатынасымыз Сіздің білікті басшылығыңызбен бұдан әрі дамып, өркендей беретініне сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Бұған дейін Пан Ги Мунның Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны хабарланған болатын. БҰҰ Бас хатшысынан құттықтау жеделхаты келіп түсті. "Қазақстан мен БҰҰ көптеген салаларда тығыз әрі жан-жақты қарым-қатынас орнатты. Біздің қарым-қатынастарымыз Қазақстан халқының және бүкіл өңірдің игілігі үшін бұдан әрі де дами береді деп үміттенемін", - делінген жеделхатта.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай