12 қазан 2016 11:40

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Президенттің денсаулығы жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айдос Үкімбай Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айдос Үкімбай Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз хатшысының берген жауабы Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған. Zakon.kz басылымының журналисінің "Қазір Мемлекет басшысының денсаулығы қалай?" деген жауабына баспасөз хатшысы былай деп жауап берді: "Ол салқын тиіп, сырқаттануына байланысты емделуде. Жалпы, денсаулығына қатысты ешқандай алаңдаушылық жоқ.".

"Президенттің жұмыс кестесі қайта қарала ма? Шетелдік ақпарат көздері оның Әзербайжан мен Арменияға баруы мүмкін екенін айтып жатыр. Елбасы бұл сапарларға бара ма?", - деп сұрақ қойды журналистер.

"Жұмыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы аптаның соңына дейін Мемлекет басшысының халықаралық шараларға қатысуы жоспарланып отырған жоқ. Еревандағы ҰҚШҰ отырысына Қазақстан Республикасының премьер-министрі қатысады. Президенттің жұмысы одан әрі әдеттегі кестеге сай жалғасатын болады.", - деді Айдос Үкібай.

Айта кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаевтың салқын тиіп сырқаттанып қалғаны хабарланған болатын. "Салқын тиіп сырқаттанып қалуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ем қабылдауда", - делінген Ақорданың хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети