Назарбаевтың портреті ғимараттар мен кабинеттерде қала береді

20 Наурыз, 12:57
0
Назарбаевтың портреті ғимараттар мен кабинеттерде қала береді -

Мемлекеттік мекемелер ғимараттарында және кабинеттерде Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті қала береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

"Сондай-ақ, Елбасыға құрметті сенатор статусы берілуі керек. Бірінші Президенттің суреттері мемлекеттік мекемелер ғимараттарында, кабинеттерде, білім ордаларында тұра береді", - деді Тоқаев.

"Также считаю необходимым предоставить Елбасы статус почетного сенатора. Все фотографии с изображением Первого Президента останутся в качестве непременного атрибута публичных помещений, кабинетов государственных служащих, зданий учебных заведений", - сообщил Токаев.

Осыған дейін, Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды.

"Ұлы замандасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі етуіміз керек: біздің елордаға Президентіміздің есімі беріліп, Нұрсұлтан аталуы керек. Мұндай ұсынысты осыған дейін парламенттегілер де айтқанын еске салғым келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды. Ант беру рәсімі Мәжіліс ғимаратында Қазақстан Парламенті палаталарының жалпы отырысы барысында өтіп жатыр.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай