26 желтоқсан 2017 15:31

Назарбаевтың сұхбатынан кейін Ақышев Норвегияның тәжірибесін зерттеуге алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк Қазақстан үкіметімен Ұлттық және зейнетақы қорын біріктіру мәселесін талқылауға дайын. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ұлттық банк Қазақстан үкіметімен Ұлттық және зейнетақы қорын біріктіру мәселесін талқылауға дайын. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Елбасы Норвегияның тәжірибесіне сүйене отырып, осы туралы мәлімдеді. Біз бұл мәселені қарауға аламыз. Мұның қандай жолмен асырылғаны және расымен бірігу болды ма - зерттейміз. Өйткені біздің ойымызша, онда басқаша жағдай болған сияқты, онда жағдай өзге. Басқа тапсырмалар болса, үкіметпен талқылауға дайынбыз. Меніңше бұл нақты бір мәселе туралы айтылған. Бұл тапсырманы орындап, толық зерттеуге дайынбыз", - дейді Ақышев үкімет отырыснан тыс жерде. 

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев отандық БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, Қазақстан Ұлттық және зейнетақы қорын бірігуі мүмкін екенін айтқан. 

"Сондықтан ары қарай зейнетақы қорымен не істеуге болады? Мәселен Норвегияның жақсы тәжірибесі бар - олар зейнетақы және ұлттық қорын біріктірді. Бір қор пайда болды, адамдар, бәрі үшін нық әрі сенімді қорға айналды. Бізде осы жолды таңдармыз. Бұл қаржыны үкімет бақылауынсыз қалдыруға болмайды. Қалай болғанда мемлекет зейнеткерлер алдында зейнетақы үшін жауапты", - деген болатын Қазақстан Президенті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети