18 маусым 2014 | 11:20

Несие ауыл кәсіпкерлеріне жеткенше біраз азайып қалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кәсіби әңгіменің" студиясы "Кәсіби әңгіменің" студиясы

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бағдарламасы аясындағы несие беру жүйесін өзгертуді ұсынып отыр. Бұл мәселе Жаннат Ертілесованың "Кәсіби әңгіме" ("Профессиональный разговор") телебағдарламасында талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бағдарламасы аясындағы несие беру жүйесін өзгертуді ұсынып отыр. Бұл мәселе Жаннат Ертілесованың "Кәсіби әңгіме" ("Профессиональный разговор") телебағдарламасында талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Студия қонағы - Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Игорь Шацкийдің айтуынша, осы уақытқа дейін аймақ бизнесмендері тарапынан мыңдаған арыз-шағымдар түскен. Соның басым бөлігі несие беру қиыншылықтарына байланысты. "Қазір ауылда "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бағдарламасы кеңінен танымал. Алайда ол кәсіпкерге дейін жеткенше, біраз "қиылып" қалады. Мәселен, бағдарлама бойынша кәсіпкер 3 миллион теңге алды. Оның 10 пайызын, яғни 300 мың теңгені депозитке кепілдік ретінде салу қажет. Бұдан бөлек, 200 мың теңге құжат рәсімдеуге кетеді. Сонда барлығы 500 мың теңге жайдан-жай игерілмей жатады. Ал ақшаны қайтарған кезде, тұтас 3 миллион теңгенің пайыздық мөлшерлемесі есептеледі", - дейді И.Шацкий. 

Палата басшысының айтуынша, ауыл бизнесмендеріне кәсіби көмек те жетіспейді. Сол себепті олар бизнес жоспарды сауатты түрде жасай алмай жүр. Жалпы, "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бағдарламасы қажетті құрал-жабдықтарды алуға мүмкіндік берсе де, құрылыс нысанын салуға жағдай жоқ. Өйткені беріліп отырған ақша аздық етеді. "Демек, бағдарлама тек ашық аспан астындағы кәсіпті ғана ашуға жағдай жасап беріп отыр. Біздіңше, қаржы көлемін ұлғайту қажет", - деп атап көрсетті И.Шацкий. 

Айта кетейік, бағдарламаның толық нұсқасы бүгін кешкі сағат 20:30-да СТВ телеарнасында көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети