23 сәуір 2022 09:42

Інісінің еміне ақша тауып жүрген 15 жастағы нейл-мастер халықтан көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға белгілі 15 жастағы нейл-мастер Арулыат Мұхаметқали видеоүндеу жазып, халықтан 8 жастағы науқас інісі Бекарысқа мүгедектер арбасын сатып алуға көмектесуін сұрады. Ол екі миллион теңгеден астам тұрады. Бес баланы асырап отырған және отбасылық бюджеттің негізгі бөлігін науқас баланы емдеуге жұмсайтын отбасының бұған шамасы жетпейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, жас маникюр шеберінің інісі Бекарыс екі жасында үшінші қабаттан құлап түскен болатын. Бас миы жарақатының салдарынан сал болып қалған. Қазақстандық және шетелдік дәрігерлер баланы емдеуді әлі бастаған жоқ. Баланың денсаулығы Қырғызстандағы дәрігердің бақылауында. Отбасы әр сапары үшін ақша жинауға мәжбүр. Арулат Мұхаметқали інісіне көмектесу үшін тырнақ жасау ісін үйренген. Қазір Бекарыс Нұр-Сұлтанда тұрақты түрде оңалтудан өтіп тұрады. Отбасы әр емдеу курсын өзі төлейді.

"Қазіргі уақытта анам оңалтудан өтіп жатқан ініммен бірге Нұр-Сұлтанда, дәрігерлер оның диагнозымен арнайы көпфункционалды мүгедектер арбасы қажет екенін айтты", - деді ол видеода.

Бала қазір 592 мың теңге жиналғанын хабарлап, көмек көрсеткендерге алғыс айтты.

Ал анасы Сания Рахимованың сөзінше, баланың жақсы арбасы бар, бірақ ол бойына сәйкес келмей қалып, содан денсаулығы нашарлап жатыр. Арба Бекарысқа арнайы жасалады, оның омыртқа мен аяқ бекіткіші және арнайы бас қоятын бөлігі болады. 

"Мұндай арба ұлымның бойына қарай бес жылға жарайды", - деп түсіндірді әйел.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arulat Mukhametkali (@arulat_ekibastuz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети