31 наурыз 2019 18:09

"Нұр-Афанасьева" жеке куәлігі. ІІМ таралып жатқан суретке қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері "Нұр-Афанасьева" жеке куәлігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері "Нұр-Афанасьева" жеке куәлігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде және мессенджерлерде тегіне "Нұр" қосымшасы қосылған қыздың жеке куәлігінің суреттері белсенді түрде таралып жатыр. Бірнеше күн бұрын газеттің үзіндісі жарияланған еді, онда 1 сәуірден бастап қазақстандықтардың тегіне қосымша жалғау міндеттелетіні жазылған. 

"Мессенджерлерде тарлып жатқан жеке куәлікке қатысты хабарлаймыз, ішкі істер органдарынан мұндай құжат, жеке куәлік берілген жоқ. Бұл шындыққа жанаспайды", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз. 

Айта кетейік, 28 наурызда Желі қолданушылары газет үзіндісінен "жаңалықты" таратқан, онда 2019 жылы 1 сәуірден бастап қазақстандықтардың тегіне қосымша жалғау міндеттелетіні жазылған. "Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері бірінші сәуірге арналған (күлкі күніне арналған) әзіл екенін мәлімдеді. Мұндай жазба 28 наурызда шыққан Шучинск аудандық "Стабильная газета" басылымында шыққан. Кейінірек газет редакторы бұл әзілді кім ойлап тапқанын айтып берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети