21 қыркүйек 2016 16:10

"Нұр Отан" партиясы индустриялды сектордың даму бағытын талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© altaynews.kz © altaynews.kz

"Нұр Отан" партиясының "Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" сайлауалды бағдарламасының "Индустриалды даму" бағыты бойынша комиссиясының кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясының сайтына сілтеме жасап.


"Нұр Отан" партиясының "Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" сайлауалды бағдарламасының "Индустриалды даму" бағыты бойынша комиссиясының кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясының сайтына сілтеме жасап.

Отырыс ҚР парламенті Мәжілісіндегі "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі, партия кураторы Аманжан Жамаловтың басшылығымен өтті.

Алқалы жиында қатысушылар ел экономикасының индустриаландыру бағытындағы қайта өңдеу секторына толығырақ тоқталды.  ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі  Альберт Рау ТрансҰлттық компанияларды тарту жұмыстары аясында қайта өңдеу бағытында жаңадан 5 кәсіпорын іске қосылғанын атап өтті.

Жобаның шеңберінде Астанада GEVO дизель қозғалтқышын шығаратын General Electric зауыты, Қарағанды облысы Бестөбе кенорнында барит концентратын өндіретін Halliburton зауыты, Алматыда JAC брэндімен шығатын автокөліктерді құрастыру зауытының бірінші кезеңі, Жапондық транспорттық-логистикалық терминалы, Алматы облысында  Финляндияның бояу өнімін өндіретін Tikkurila зауыты іске қосылған.

Сондай-ақ, Альберт Раудың айтуынша, ағымдағы жылы құбырларды шығаратын италяндық Tenaris зауытының құрылысы басталған. Жобаға жұмсалған жалпы сома 14 млрд. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы құны 300 миллиард теңгеден астам инвестия қаржысы жұмсалған Ресейлік ЕвроХим компаниясының қатысуымен минералдық тыңайтқыштарды өтдіретін химиялық кешеннің құрылысы басталды.

2016 жылдың соңына дейін JAC брэндымен шығатын автокөліктерді құрастыратын кешеннің екінші кезеңін іске қосу жоспарланған.

Жақын арада Алматы қаласында ҚХР-ның CNPC және Франция елінің AirLiquid ТрансҰлттық компанияларының қатысуымен 3 ірі жоба жүзеге асыралады. Жаңа кәсіпорындар үлкен диаметрлі құбырларды және техникалық газ өндіруді жоспарлап отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети