20 қараша 2017 20:13

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Маңғыстау жастарымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Маңғыстау облысына сапары барысында өңірдегі орта және жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Жиында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасында жастарға бағытталған мақсат-міндеттерді талқылап, маңыздылығына тоқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Маңғыстау облысына сапары барысында өңірдегі орта және жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Жиында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасында жастарға бағытталған мақсат-міндеттерді талқылап, маңыздылығына тоқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елбасымыз әрдайым жастарға ерекше көңіл бөліп келеді. Таяуда өткен партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жастарға зор сенім артып, олардың қоғамдық сананы жаңғыртудың алдыңғы легінде жүруі керектігін айтқан болатын. Өз сөзінде Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы алдымызға қойып отырған міндеттердің, соның ішінде қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызы мен мәніне назар аударды. Кездесу барысында облыстағы талантты, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген, өз істерінің нағыз майталман мамандары саналатын он жас азамат партия қатарына қабылданып, оларға партиялық билеттері салтанатты жағдайда тапсырылды.

Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов кездесу кезінде "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының аймақ белсенділері екенін атап өтті. "Олар жаңа форматтағы жобалардың бастаушысы; мемлекеттік органдарда жаңа формацияда жұмыс істеушілердің резерві; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына өзгерту еңгізудің қозғаушы күші; республикалық және аймақтық іс-шараларды ұйымдастырушы; "Нұр Отан" партиясының саясатын белсенді жалғастырушы - нағыз қанаты. Еліміздің бұдан арғы дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Біз сіздерге осындай үлкен үміт артамыз. Ел болашағы үшін білім алып, еңбек етеді деген сенім білдіремін", - деді облыс әкімі.

Облысымыздағы ең ірі оқу орны - Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ұстаздары да жиында сөз алды. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы - 350-ден аса адам, соның ішінде: 16 ғылым докторы және 169 ғылым кандидаты қызмет етеді. Жоғары оқу орынның 3 мыңнан аса студенттеріне арналған үш оқу ғимараты, үш жатақханасы, үш оқу полигоны, бассейнді спорт кешені бар. Бүгінде университет жастары облыстың білім жүйесінің дамуына үлес қосушы бірден-бір күш. Сондықтан белсенді студенттерге партия билеті салтанатты түрде тапсырылды.

Сонымен қатар Мұхтар Құл-Мұхаммед партияның облыстық активімен кездесті. Онда партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мемлекет басшысының Саяси кеңес отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде партияның алдында тұрған нақты міндеттерді атап өтті. Осыған орай, маңғыстаулық партия мүшелері алдағы уақытта кадрлардың біліктілігін арттыру, жастармен жұмысты одан әрі жандандыру, партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру және халықты алаңдатқан өзекті мәселелердің шешілуін әрдайым назар ұстау жолында жұмыс істейтін болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети