03 қыркүйек 2020 10:42

Нұр-Сұлтан әуежайына айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әуежайына карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан әуежайына карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша 1600 АЕК - 4 444 800 теңге мөлшерінде әкімшілік жаза қолданылды, бірақ елорданың әуе айлағының қысқартылған өндірісі аясында 2,2 миллион теңге айыппұл төленді", - деді Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Мұндай жаза қолдануға елорда әуежайында карантин шаралары сақталмауысебеп болды: келген және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздер ұйымдастырылмаған, рейске тіркелу және отырғызу кезінде жолаушылар арасында әлеуметтік қашық сақталмаған, терминалда дезинфекциялық кілемшелер орнатылмаған, перрондық автобустың жүргізушілерінде қолғап болмаған және қызметкерлер маскалар тақпаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети