17 мамыр 2021 16:00

Нұр-Сұлтан әуежайында 39 "қызыл" жолаушы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық әуежайда бір аптаның ішінде Ashyq жобасы арқылы 36 "сары" мен 39 "қызыл" жолаушы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бір аптада Ashyq қосымшасы арқылы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда 36 "сары" мен 39 "қызыл" жолаушы анықталды. Алгоритмге сәйкес, статусы "қызыл" жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланып, артынша ауруханаға жеткізілді", - дейді әуежайдың баспасөз қызметі өкілдері.   

12 мамырдан бастап әуежайда Ashyq қосымшасы іске қосылған болатын. Жолаушылар әуежайға келгенге дейін статусын мобильді қосымша арқылы тексеріп алуы керек. 

"Сары" және "қызыл" статусы бар жолаушылар ғимаратқа кіргізілмейді. Рейске өтпеген жағдайда ақшаны қайтару мәселесі бойынша әуе компаниясына жүгіну керек", - деді әуежай өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети